Компания туралы

Компания туралы
«Мир Слуха» орталығы (ЖШС «Фонамед») Қазақстанда есту аппараттарын өндіру саласындағы жетекші компаниялардың — ФОНАК (Phonak, Швейцария) және БЕРНАФОН (Bernafon, Швейцария) — ресми дистрибьюторлары болып табылады. Есту протездеу саласындағы жетекші мамандардың мол тәжірибесі мен әлемдік сападағы үздік есту аппараттарын жеткізу біздің пациенттерге өмір дыбыстарының алуан түрлілігі мен байлығын жақсырақ естуге мүмкіндік береді.
Біздің барлық есту аппараттарымыз және жабдықтар Қазақстан Республикасында тіркеліп, қолдануға рұқсат етілген. Сондықтан сіз біздің компания ұсынатын есту аппараттарының сапасына, сенімділігіне және қауіпсіздігіне толықтай сенім арта аласыз.
Артықшылықтар
Кохлеарлық имплантация — кереңдік кезінде естуді қалпына келтірудің жалғыз тәсілі. ЖШС «Фонамед» Қазақстан Республикасында кохлеарлық имплантация бағдарламасын қолдайды. Біз тек кохлеарлық имплантация жүйелерін және керек-жарақтарын жеткізіп қана қоймай, техникалық қызмет көрсетуді және әлеуметтік оңалту бағдарламаларын белсенді қолдауды жүзеге асырамыз. Сонымен қатар кохлеарлық имплантация процесіне қатысатын барлық мамандарды — хирургтарды, аудиологтарды, сурдопедагогтарды оқытуды ұйымдастырамыз. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында барлығы 807 операция жасалды: 768 кохлеарлық имплант және 39 ортаңғы құлақ импланты орнатылды.
Үлкен тәжірибе
2007 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеміз
Швейцариялық сапа
Phonak және Bernafon компанияларынан Қазақстандағы жалғыз сервистік орталық
Әлемдік өндірушілер
Бізде тек заманауи және сенімді есту аппараттары бар
Кәсіби көзқарас
Біздің құрамда елдегі ең үздік есту протездеушілерінің бірі жұмыс істейді
Жұмыстағы икемділік
Біз жасына қарамастан барлық клиенттерге көмектесеміз
Өнімнің сенімділігі
Қос кепілдік/: біздің компаниядан және өндірушілерден
Пайдалану кепілдігі
Барлық аппараттар Қазақстанда тіркелген
Мыңдаған риза клиенттер
8000-нан астам адам есту қабілетін қайта қалпына келтірді
Жетістіктер
Қазақстан Республикасында алғаш рет біз естімейтін балаларға арналған толық циклді кохлеарлық имплантация операциясын және олардың оңалту процесін енгіздік. Біз ота жасалған пациенттерге өмір бойы сервистік қолдау көрсету міндетін алдық.
Алматы қаласында алғаш рет дәрігерлерге арналған аудиометриялық жабдықпен жұмыс істеу бойынша оқыту өткізілді, оған есту протездеу саласындағы үздік шетелдік мамандар шақырылды. Біздің компанияның арқасында 20-дан астам дәрігер мен сурдопедагогтар шетелде тағылымдамадан өтіп, өз кәсіби біліктіліктерін арттырды.




